навигация

АТОМ ЖОБАСЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Ядролық қару сынақтары қайталанбас үшін әлемдік қоғамдастықтардың  бірігуі мен  келісімге қол қойған ядролық державалардың басшыларына, әлеуетті ядролық ірі мемлекеттерге петицияны ұсынуға бағытталған ғаламдық қозғалыс.

Бүгінгі таңда  ядролық қарусыздандырудың маңыздылығы неде?

Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында Ядролық қаруды  сынауға тыйым салу туралы келісімінің  қабылдауына қарамастан, кейбір елдер келісімге қол қоймай, әлі де оны бекітпеген. Қоршаған орта мен адамзат баласына ядролық қару сынақтарын өткізу салдарынан туындаған негативті зардаптың тууына жол бермеуіміз қажет.

Ядролық сынақтардың  өткізудің  қауіптігі неде?

Қазір әлем бойынша мыңдаған адам саны  радиоактивті сәуле таралу әсерінен пайда болған ауыр медициналық ауруларымен ауырады. Осындай сынақтар   сәулелену әсеріне ұшыраған адамдарға ғана емес, сонымен қатар  оның негативті залалы олардың келешек ұрпағы   үшін де қауіпті.
Ядролық қару сынақтарын өткізу  қоршаған ортаға қатты зиянын  келтіріп, соның әсерінен қару шығаруға арналған шикізат сапасының қолдануын төмендетеді. Сонымен қатар, халықаралық лаңкестердің қолына  әбден түсуі де мүмкін.

Мен қандай көмек бере аламын?

Біздің электрондық петицияға қол қойып, Facebook немесе басқа да әлеуметтік желі арқылы достарыңызға жіберіңіз. Әлемдік қауымдастықтардың ядролық державаларға  ядролық сынаққа деген қарсылығын бірауызды шешімдерін  көрсету үшін  белгілі дауыс санын жинауына көмек беруіңізді сұраймыз. Петицияға қол қою үшін сілтеме бойынша  өтіңіз.

Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісім дегеніміз не?

Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісім  (ЯҚСТК)– БҰҰ аясында қабылданған, азаматтық немесе әскери қызметке  байланысты  барлық ядролық жарылыстардың өткізуіне  тыйым салынатын құжат. Келісім 1996 жылы БҰҰ-мен қабылданды. Алайда,  Қосымша II тобының нақты  сегіз елдері -Мысыр, Үндістан , Израиль, Иран, ҚХР, ҚХДР, Пәкістан мен АҚШ әлі күнге дейін қол қойып, бекітпеген үшін Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісім күшіне енбеген.

Ядролық сынақтарға қарсы күресте Қазақстан көшбасшы ретінде шығуының себебі не?

Бірнеше жылдар бойы Қазақстан кеңес республикасы тұсында бола тұра, ядролық қару сынақтарын өткізетін аймақ болып табылатын. Бір жарым миллиондай  қазақстандықтар  түрлі физикалық кемтарлық, оба  сияқты ауруларға шалдығып, кейінгі ұрпаққа дейін жалғаса берген. Кеңес Үкіметі ыдырағаннан  кейін Қазақстан кеңес ядролық арсеналды мұра етіп,  ядролық держава ретінде әлем бойынша төртінші орынды иеленді. Алайда,  1991 жылы Қазақстан біржақты тәртіпте қарусыздандыру процессін өткізіп, ядролық полигонды жапты. Қазақстан  өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі бірінші ел ретінде танылды. Бүгінгі таңда Қазақстан бейбітшілікке күресетін, ядролық қарудан бас тартқан ерікті әлем көшбасшыларының бірі болып табылады.

Ядролық қарудың  әсері кейінгі ұрпаққа  тарала алады ма?

Иә. Радиоактивтік сәулелену жасуша деңгейінде зардабын  тигізеді. Мысалы, ұрық, аналық жасуша сияқты сәулелену әсеріне ұшыраған  клеткалар  репродуктивті болса, қиратушы кері әсері бірнеше ұрпақтан кейін пайда бола алады.