навигация

karipbek-kuyukov-300x233Карипбек Куюков радиациялық сәулелену әсерінен шолақ болып туған. Оның туындылары ешкім, ешжерде және ешқашан да ядролық сынақтардың зардабын шегу деген, қияметке ұшырамаудың жолына арнады.

Карипбек осыдан 45 жыл бұрын Кеңес билігі 450-ден астам жарылыс жасаған сынақ алаңына тақау кіші ауылда туыды. Ата-анасының радиобелсенді сәулелердің әсеріне ұшырауы себепті Карипбек дүниеге қолсыз болып келді.

Карипбек басынан көп қиыншылық өткеріп, ядролық қаруға қарсы белсендіге және бұл тақырыпта салған суреттері әлемге танымал белгілі шеберге айналды. Бүгінде, Карипбек ядролық сынақтардан зардап шеккен құрбандардың портреттерін жиі салады және АТОМ Жобасының құрметті елшісі ретінде түрлі ядролық конференциялар мен іс-шараларға қатысады. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және АҚШ конгресі шеңберінде өткен конференцияларға қатысып, сөз сөйледі.

Ақиқат өнері

Суреттерін тамашалау
Өмірлік күресі мен өнерге деген көзқарасын Карипбек кенеп бетіне аузымен немесе аяғымен бейнелейтіні мәлім. Оның ядролық сынақтардан зардап шеккендерге арналған туындылары әлемге таралған.

Карипбек өз хикаясымен бөлісуде…

Карипбек өз хикаясымен бөлісуде...
29 тамызда Астанада (Қазақстан) өткен “Ядролық сынақтарға тыйым салудан – қарусыз әлемге” атты халықаралық конференция барысында Карипбек өмірлік күресі мен оған түрткі болған себептерімен бөлісті.