навигация

Ядролық қару сынақтардың  қауіп-қатері  бүгінгі таңда  бізді күнделікті мазалауда.  Бұл өткеннің мәселесі емес. Бұл алыс келешекте күтіп тұрған бос қатер емес. Көптеген елдер ядролық қаруды  жасайтын технологияларды ойлап табу шегінде тұр.

Ядролық қару сынақтар  жан түршігерлік салдарға әкеліп соқтырады. Өкінішке орай, көп жылдар бұрын  отбасы мүшелері  ядролық қару сынақтарының  өткізілуі  нәтижесіндет  радиоактивтік  сәулелену әсеріне  ұшырау себебінен тумысынан ауыр кемістікке шалдыққан балалар әлі  өмірге келуде. Халықаралық лаңкестер ядролық қару жасау үшін жаңа материал көздерін белсенді іздеуде.

Әлем Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісім тұжырымын қабылдау мен күшке енуін кейінге қалдырған сайын адамзат радиоактивтік түйткілді кітап беттерінен  емес,  оның әсерін өз бастарына келіп  сезінуі мүмкін.