навигация

ЖОБА НЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН

Ядролық қарусыз әлем құруға

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ

  • Әлемді Ядролық қару сынақтарына қарсы  күреске біріктіру және ядролық қару негізінде жатқан ғаламдық  қауіп-қатер диалогын  жандандыру;
  • Әлем басшыларына Ядролық қару сынақтарын тоқтатуына  ықпал ету;
  • Ядролық қару сынақтарын әлем бойынша жоюға бағытталған келісімінің заңды құралы  ретінде күшіне  енуін қамтамасыз ету үшін, Петицияны Ядролық қаруларды сынауға тыйым салу туралы келісімге  қол қоймаған немесе келісімшартты  бекітпеген ядролық ірі мемлекеттерге ұсыну;

Тарих бастауы

1949 жылы Совет жобасының ядролық қаруды өңдеуі  аясында  келешекте сынақ полигонының орналасқан жері  ретінде Қазақстандағы Семей қаласы  маңында орналасқан аймақ  таңдалды. 1949 жылдан 1989 жылға дейін  456- дан астам ядролық қару сынақтары өткізілді. Семей қаласының тұрғындары( елді мекеннің қазіргі атауы) осындай сынақтардың болуы жайлы  ескертілмеген , тіпті  жарылыстардың нәтижесі қандай болатынын да елестетпеген.

Қала тұрғындарының өмірі, олардың бет әлпеттері мен денелері ядролық сынақтардың нәтижесін көрсетеді. Осының барлығы бізді қандай келешек күтіп тұрғанын ескертуінің дәлелі болып табылады. АТОМ ЖОБАСЫ Ядролық қару сынақтарын мүлде тоқтатып, радиоактивтік материалдардың бөтен қолға түспеуіне,   оның қорғауын қамтамасыз етіп әлемнің барлық қоғамдастықтарының назарын аударуына ұмтылуда. Сіз мәңгілікке ядролық қару сынақтарын тоқтатып, әлемді қазіргі және келешек ұрпақ үшін  қауіпсіз ете аласыз.