навигация

АТОМ Жобасының Құрметті Елшісі Карипбек Куюков суретін Рождестволық Қайырымдылық жәрмеңкесінің ұйымдастырушыларына табыстайды

17 қараша 2016

kk-donateATOM Жобасының құрметті елшісі және танымал суретші Карипбек Куюков суреттерінің бірін Астанадағы Radisson қонақ үйінде 4 желтоқсанда өтетін жыл сайынғы Рождестволық Қайырымдылық жәрмеңкесіне табыстайды.

АТОМ Жобасы ядролық қаруды сынауға үзілді-кесілді тыйым салуды, және нәтижесінде оның толық жойылуын жаһандық қолдауға бағытталған, Президент Назарбаевтың бастамасы болып табылады.

АТОМ ағылшын тілінде Abolish Testing, Our Mission, яғни Сынақтарды тоқтату біздің мақсатымыз деген мағына білдіреді.

1949 жылдан бастап 1991 жылға дейінгі кезеңде КСРО Шығыс Қазақстандағы Семей полигонында 450 аса ядролық қару сынағын өткізді, оның салдарынан аймақта саын 1.5 миллионға дейін баратын қазақстандықтар зардап шекті, үлкен аумақтар радиоактивті ластануға шалдықты.

Карипбек Куюков суретші және ядролық қаруға қарсы қозғалыс белсендісі. Ол Семей полигонындағы ядролық сынақтар кезінде ата-анасы ұшыраған радиациялық сәуле тарату нәтижесінде қолсыз туды. Карипбек шығармашылығы мен өмірін ешкім және ешқайда ядролық қаруды сынаудың апатты салдарын сезіне алмайтын әлемнің орнауына арнады. Оның жұмыстарын http://www.theatomproject.org/en/about/nuclear-weapons-testing-effects/the-art-of-truth/ сайтынан қарауға болады.karipbek-landing-page-v3_05

Карипбектің “Таудағы жаз” (60смx50см) атаулы суреті 250,000 теңгеге (735 АҚШ доллары) сатылады. Ақша Семей қаласының балалар үйіне жіберіледі. Түскен қаражат түгелімен қайырымдылық мақсаттарына жұмсалатын болады.

Былтыр қайырымдылық жәрмеңкесінде еріктілер 80 481 доллар жинай алды. Қаражат 46 қайырымдылық жобаны қаржыландыруға бағытталды. Сондай-ақ қаражат балалар үйлеріне, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мекемелерге, киім, дәрі-дәрмек, медициналық жабдық, емдеу, азық-түлік және басқаларды сатып алуға бағытталды.

Биылғы шараға 53 елшілік қатысады. Лотерея арқылы 12 сыйлықтың иегері аталадаы, оның ішінде автокөліктер мен туристік жолдамалар бар. Сонымен бірге, сатылымда әрбір елшіліктен азық-түлікке толы сыйға тартатын кәрзеңкелер болады.

«Жыл сайын Рождестволық жәрмеңкелерде елшіліктер осы оқиғаға арнайы дайындайтын үздік ұлттық өнімдері мен кәдесыйларын ұсынады. Астана тұрғындары мен қонақтары сүйікті елдерінен әкелінген ерекше рождестволық сыйлықтар мен кәдесыйларды қолайлы бағамен сатып ала алады. Жаңа жыл алдындағы бұл жәрмеңке барлық қазақстандықтарды 53 елдің атмосферасына бөленіп, ұлттық киімдерді көруге, ұлттық тағамдардан дәм татуға және кәдесыйларды сатып алуға шақырады. Сол уақытта, қазақстандықтар игі іске үлес қосады, себебі барлық қаражат қайырымдылық мақсаттарына жұмсалады,» деп атап өтті Хеба Осман, шараның ұйымдастырушылары болып табылатын, Елшілер жұбайлары қауымдастығының Президенті.

Оқиға туралы қосымша ақпаратты TheAstanaTimes мақаласынан, http://astanatimes.com/2016/11/charity-bazaar-to-bring-hope-and-magic-to-christmas-season/  сілтемесі бойынша алуға болады.

АТОМ жобасы туралы қосымша ақпарат алу үшін  www.TheAtomProject.org сайтына кіріңіз.

ДЕРЕУ ЖАРИЯЛАУ ҮШІН
БАЙЛАНЫСАТЫН ТҰЛҒА: Дмитрий Ли, +77754488212