навигация

АТОМ ЖОБАСЫ әлемнің қарсы террор бірігіп стенд

20 қараша 2015

karipbek with paintingАТОМ жобасының Құрметті елшісі Кәріпбек Куюков Париждегі террористік актінің құрбандарына көңіл айтып, жобаның бейбітшілік пен қауіпсіздік құндылықтарын ұстанатындығы туралы мәлімдейді.

Бейруттегі террористік актілерді және Синайдың үстінде А321 авиалайнерінің апатын қоса алғанда, әлемде террористік зорлық-зомбылық әрекеттері өршіп тұрған сәтте Куюков әлемдік лидерлерді ядролық қарудан бас тартуға тағы да шақырады. Ядролық қару мен ядролық материалдар бар кезде бұл қаруды террористердің пайдалану қаупі де бар. Бүгінгі күнге дейін құпия қызметтер ядролық материалдарды сатуды болдырмау бойынша көптеген операциялар жүргізді. Әлем ядролық қарудың теріс пиғылды қолға түсуіне жол беретін тәуекелге бара алмайды.

«Ядролық қаруды қайтаруға шақырған адамдардың үнін естігенде, көз жасымды тоқтата алмаймын. Мен планетамыз бен барша адамзаттың болашағы үшін, өзінің ядролық арсеналын жаңарта бастаған елдер туралы жаңалықтарды оқыған кезде қорқамын. Орын алған сұмдықтан, үрейден және қауіп-қатерден кейін соңғы болған террористік актілер бізге сабақ бола алмағаны ма? Мен сияқты әлі қанша адам жапа шекпек?»

Парижде болған қайғылы оқиғаға байланысты Кәріпбек өзінің ұстанымын білдірді:

«Сіздерді құшақтайтын менің қолдарым жоқ, бірақ менің жүрегім бар, оның күшін менің Отаным, Қазақстанның шексіз жазық даласыменkaripbek at global wave rally салыстыруға болады, ол осы әлемді бейбітшілік пен ядролық қарудан арылуға қол жеткізу үшін өз құшағына алуға дайын.»

Кәріпбек Куюков белгілі суретші әрі бүкіл әлемде ядролық қаруға қарсы күресіп келе жатқан белсенді болып саналады.  Оның ата-анасы Семей полигонында жүргізілген кеңестік ядролық сынақтардан алған сәуленің салдарынан Кәріпбек қолсыз туылған. Өзінің басына түскен қиын жағдайға қарамастан, ол ондаған жылдар бойы бүкіл әлемдік ядролық қарусыздану үшін өткізілетін әртүрлі халықаралық кампанияларға қатысып келеді.  Кәріпбек әлемді жайлаған зорлық-зомбылықтың қандай қасіретке әкеп соғатынын өз басынан біледі.