навигация

ATOM бастамасына қатысты брифинг өткізді

11 желтоқсан 2014

АСТАНА – Шетелдік саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

The ATOM Project Honorary Ambassador Karipbek Kuyukov at the The third international Conference on the Humanitarian Impact of Nuclear Weapons in Vienna

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы бастамасы «АТОМ» жобасын жоғары бағалайды.

Бұл туралы 2014 ж. 8-9 желтоқсанда Венада өткен Ядролық сынақтардың гуманитарлық салдары жөніндегі 3-ші халықаралық конференциясына қатысқан қазақстандық делегация мүшелері бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді.

«АТОМ» жобасы қоғамды қоршаған орта мен жалпы адамазат үшін ядролық қаруды сынаудың салдары мен қауіп-қатері жөніндегі қол жетімді ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық науқан. Оны жүзеге асыру туралы бастама Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевпен 2012 жылы 29 тамызда – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-әрекет күні – Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан – қарусыз әлемге» атты халықаралық конференцияда жарияланды. «АТОМ» ағылшын тілінен Abolish testing. Our Mission – «Сынақтарды тоқтату біздің мұратымыз» деген мағына береді.

Брифинг барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Виктор Рогалев мәлімдегеніндей, Вена конференциясына 151 елден 700-ден астам делегаттар қатысты. Солардың қатарында әлемдік БАҚ, халықаралық және үкіметтікесмес ұйымдардың да өкілдері бар болатын.

Өз баяндамаларында қазақстандық қатысушылар делегаттарға Елбасының ядролық қарусыздану мен таратпау салаларындағы бастамалары турасында жанжақты мағлұмат берді.

«Сонымен қатар, ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы батыл шараларды қолға алу керектігі біздің еліміздің айқын ұстанымы болып табылатыны ескертілді», – деп атап өтті В. Рогалев.

Өз кезегінде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Барлыбай Садықов Елбасының ядролық қарусыздану мен таратпау салаларындағы бастамалары арасында 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-әрекет күні етіп жариялау, «АТОМ» жобасы, БҰҰ шеңберінде Ядролық қарудан азат әлем туралы жаппай декларацияны қабылдау, Иран ядролық бағдарламасы аясындағы араағайындығық бастамаларынын атады.

Елбасы тапсырмаларын орындау жолындағы отандық дипломатияның жүзеге асырып жүрген жұмыстары жөнінде сөз қозғай отырып, Б. Садықов «ядролық бестік мүшелерімен Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ орнату туралы хаттамаға қол қою үдерісі барысындағы келіссөздердің оң аяқталуы еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жетістік болды», деп мәлімдеді. Еске салар болсақ, 2014 ж. мамырда Нью-Йоркте Ядролық бестік елдері Орталық Азия аймағын ядролық қарудан азат өңір деп жариялай отырып, өңір елдеріне ядролық қаруды қолданбау және сондай мүмкіндікке негізделген қысым көрсетпеу жөніндегі «теріс кепілдіктер» хаттамасына қол қойды. «Бұл Қазақстан мен көршілес мемлекеттерді халықаралық және өңірлік қауіпсіздікен қосқан маңызды үлесі болып табылады», – деді Б. Садықов.

«АТОМ» жобасының Құрметті елшісі, танымал қазақстандық суретші Карипбек Күйіков БАҚ өкілдеріне Вена конференциясына азаматтық қоғамның қатысуы турасында баяндап берді. Оның айтуынша, Жобаның презентациясы көптеген парламентарилер, дипломаттар, сарапшылар мен ядролық қаруға қарсы қозғалыстың белсенділері арасында, олардың ішінде Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардың және де әлемнің басқа тұстарындағы сынақтардың құрбандары арасында шынайы қызығушылық тудырды.

К. Күйіков ядролық қаруға қарсы қозғалысқа қосылуға оны өзінің және бірталай замандастарының ядролық сынақтардың соңғы құрбандары болып қалуына жол ашу ниеті қозғады. Оның айтуынша, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Семей сынақ айлағын жабу туралы батыл шешімі халқымызға баға жетсіз жағымды өзгеріс әкелді.

«Көптеген халықаралық іс-шараларға қатысқанымда, мен әрдайым ядролық қарудан біріншілердің қатарында бас тартқан елде туратынымды зор мақтанышпен айтамын» – деді К. Күйіков.

Сөзінің соңында ол барша отандастарымызды «АТОМ» жобасының ғаламтордағы парақшасындағы онлайн-петицияға қол қоюға шақырды. Петиция әлемдегі жетекші едердің басшыларын Ядролық сынақтарға жаппай тиым салу шартына қол қойып, ратификациялауға үндейді. Қазіргі таңда оған дүниежүзінің әр жерінен 100 мыңға жуық адам қосылған.

Негізінен, брифингке қатысушылар Елбасының ядролық қарусыздану мен таратпау жөніндегі бастамаларын ілгерілету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттілігімен келісті. Себебі көптің арасында бірегейлері ретінде қазақстандықтар үшін ядролық сынақтардың салдары жақын таныс.