навигация

АТОМ жобасы 29 тамызда Бір минут үнсіздікке шақырады

6 тамыз 2014

The ATOM ProjectАСТАНА, 6 тамыз – АТОМ жобасы әлем халықтарын ядролық қаруды сынаудың құрбандарын еске алу үшін 29 тамыз, БҰҰ жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні, үнсіздік минутына шақырады.

АТОМ жобасының Құрметті елшісі Карипбек Куюков: «Әлемдегі барлық адамдарды жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 11.05-те бір минту үнсіздік сақтауға шақырамыз» деді. «Осы уақытты таңдауымыздың себебі дәл сол мезгілде сағат тілдері латын V әрібін көрсетіп, Жеңіс белгісін (латыншадан “Victory”) меңзейді. Ол ақыл-ойдың қорқыныштың алдындағы жеңісінің және барлық әлемнің ядролық қарусыздану саласына қосқан күш-жігерінінің жемісінің белгісі болатынына сенім артамыз», деді Куюков.

Осыдан екі жыл бұрын 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Халықаралық парламентаралық конференцияда сөз сөйлеп, ядролық қарудың сынақтарын біржола тоқтатуға және ақырында ядролық қаруды жоюға ғаламдық қоғамдық қолдау алу ретінде АТОМ жобасын жариялады.

Бүгінгі күнде 100 астам елдегі 90 000 астам адам петицияға қолдарын қойып, 29 тамызға дейін қолдаушылардың 100 000 қолын жинау мақсаты тұр. Петицияға қол қою үшін www.theatomproject.org/100k   жүгінуге болады.

Әлемді ядролық қарудан арылту талпыныстары БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун тарапынан қолдау тауып, «ядролық қарудың кесапатынан болатын гуманитарлық салдарды айқынырақ түсінуге әлемдегі қызығушылықтың артуының куәсі болып отырмыз», деді ол.

Ядролық сынақтарға қарсы күніне орай БҰҰ Бас хатшысының арнайы мәлімдемесінде: «Бәріміз бірігіп, әлі аяқталмаған ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу ісін жалғастыруды және ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етейік», деді. Қазақстанның бастамасымен 29 тамыз БҰҰ Ядролық сынақтарға қарсы іс-шаралар күні болып жарияланды. Себебі, Қазақстан ядролық сынақтардың кесірінен болатын гуманитарлық апаттың салдарын басынан толық сезініп отыр. 1949-1991 жылдары аралығында КСРО Шығыс Қазақстанның Семей ядролық полигонында ядролық қарудың 450 астам сынақ өткізді, нәтижесінде аймақтағы радиоактивті ластан 1,5 миллионнан астам адам зардап шегіп, түрлі ауруларға шалдығып, ерте өлімге душар болып отыр.

20-ғасырдың екінші жартысында АҚШ, Франция және Ұлыбританияда секілді елдер өздерінің ядролық бағдарламаларын әзірлеу барысында ядролық сынақтар өткізді; сондай-ақ Үндістан мен Пәкістанда да сынақтар өткізді.

2013 жылдың басында Корей Халық-Демократиялық Республикасы БҰҰ Қауіпсіздігі Кеңесінің қарарларына қарамастан ядролық қарудың кезекті сынағын өткізіп, халықаралық қауымдастықтың наразылығын тудырды.

 

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнінің бесінші жылдығы қарсаңындағы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдемесінде ядролық сынақтарды тоқтатудың маңыздылығына дүниежүзі қауымдастығының назарын аударды.

«Осы Ядролық сынақтарға қарсы іс-шаралар күні Ядролық қарудың санықтарына жаппай тыйым салу туралы шартының (ЯҚСЖТШ) күшіне енуін қаматамасыз етілуді және барлық ядролық жарылыстарға тыйым салуды дүниежүзі қауымдастығы қолдайды. Демек, бұл көптен күткен ядролық қарудан азат әлемге бағытталған қадам болып саналады», деді өз мәлімдемесінде Пан Ги Мун.

Сондай-ақ, Пан Ги Мун елдерді бір тарапты ядролық сынақтарды тоқтатуға шақырды.

«Мен барлық елдерді ядролық сынақтардан, сондай-ақ ядролық қаруды өндіруге байланысты жаңа технологияларды қолданудан және ЯҚСЖТШ мақсаттарына қарсы келетін кез келген қадамадардан тартынуға шақырамын», деп қосты Пан Ги Мун.

АТОМ жобасы ядролық қаруды сынауды тоқтатуға қолдау көрсетудегі адамдардың талпыныстарын біріктіру және қалыптастыру мен ядролық қарудан азат әлем құрудағы халықаралық петициалық компаниясы болып табылады.

Жоба бұл ғаламдық мәселеге адами сипат беріп, ядролық сынақтардан кейін аман қалған адамдардың тағдырын баяндайды. Алдыңғы ұрпақтың ядролық сынақтардың әсерін бастарынан өткеруінен, әлі күнге дейін ауыр науқастарға шалдыққан ауру балалар дүниеге келіп жатыр.

2012  жылдың тамыз айында Астанадағы конференцияда Президент Назарбаев: «Жаһандық қоғамдастықты оған түбегейлі және түпкілікті тыйым салу жөнінде неғұрлым батыл іс-қимылдарға итермелеу үшін біздің ядролық сынақтардың қайғылы зардаптарын тағы да әлемнің есіне салуға мүмкіндігіміз бар», деп жариялады. «Жоба аясында, әлемдік көсбасшыларын ядролық қару сынақтарын мүлдем тыйым салуға шақыра отырып, ядролық қару сынақтарын тоқтату шартының күшіне енуін тез арада қамтамасыз етудің жолымен, ядролық қаруға қарсы барлық адамдар онлайн петицияға қол қоя алады. Конференцияның қатысушыларын, барлық адамзатты өз еркімен АТОМ жобасын қолдауға және ядролық қарусыз әлем құру ортақ мақсатымызға айналдыруға  шақырамын».

«29 тамыздағы Халықаралық үнсіздік минутасы әлемді бір қадам болса да, мұратына жақындай түсетініне сенемін», деді ядролық сынақтардың зардабын шеккен екінші буыннан шыққан қолы жоқ суретші Куюков.