навигация

Қазақстан АТОМ жобасына пошта маркасын арнады

2 ақпан 2015

2015 ж. 15 қаңтарда «Қазпошта» АҚ ядролық таралмауға арналған елдің ең танымал бастамасы – АТОМ («Abolish atom Project postage stamps January 30, 2015Testing: Our Mission», «Біздің мақсатымыз: сынақтарға тиым салу») жобасына арналған жаңа екі пошта маркасын шығарды. 100 теңге тұратын бұл маркаларда АТОМ жобасының веб-парақшасы мен Жобаның таңбасы бейнеленген. Барлығы он мың естелік марка басылды.

АТОМ жобасы 2012 жылы көтерілген бастама – заңды түрде ядролық сынақтарды жақын келешекте тию және ядролық арсеналдың көзін мүлдем жоюды көздеп отыр. Жобаның парақшасында әлем көшбасшыларына ядролық қарудың дамуын доғарып, сынақтарды мүлдем тию үшін Ядролық сынақтарға жаппай тиым салу келісіміне (ЯСЖТК) қол қою туралы үндеу бар. Келісімге 183 ел қол қойып, 163 ратификациялады. Оның күшіне енуі үшін ЯСЖТК-нің 2-Қосымшасындағы 8 елдің (Үндістан, Пәкістан, Солтүстік Корея – қол қойып, ратификациялауы және ҚХР, Мысыр, Иран, Израиль және АҚШ – ратификациялауы) құжатқа қол қойып, ратификациялауы қажет.

Қазіргі таңда үндеу 96 000-нан астам қол жиды. Ұйымдастырушылар қоғамдық пікірді өзгерту арқылы әлем басшыларына өз үндеулерін жеткізуге ұмтылып отыр.

Қазақстанның шығысында орналасқан Семей ядролық сынақ полигонының жанында дүниеге келген АТОМ жобасының Құрметті елшісі Карипбек Куюков әлемдегі таратпау науқанының іс-шараларына ат салысып жүр. Әке-шешесінің ядролық сынақтарға ұшырауы зардабынан шолақ болып туғанына қарамастан, Карипбек аузымен және бақайларымен сурет салатын суретші болып өсті. Өз өнерінде ол туған жердің әдемі көріністерін, ядролық сынақтардың адамдар мен қоршаған ортаға әсерін насихаттау үшін бейнелейді.

1991 жылы Семей полигонының жабылғанынан бері Қазақстан билігі ядролық сынақтар мен оны өндіруге тиым салуға бағытталған бірізді саясатты ұстанып отыр. Кеңестер Одағы ыдыраған сәтте Қазақстан саны бойынша әлемдегі төртінші арсеналдан бас тартып, тез арады қарусызданды. Осы екі марканың басылуын елдің азаматтары мен үкіметінің жаһандық қауіпсіздік үдерісіне қосқан тағы бір үлесі деп қабылдау керек.