навигация

БҰҰ іс-шаралар аясында азаматтық қоғам белсенділері АТОМ жобасына қолдау көрсетті

3 ақпан 2015

un supports atom for website2014 жылғы 30 қаңтарда Нью-Йоркте БҰҰ-ның штаб-пәтерінде БҰҰ қызметімен таныстыру жөніндегі Қоғамдық комитет ұйымдастырған «БҰҰ 70 жылдығы» конференциясы өтті.

Конференция жұмысына қатысқан дүниежүзінің 800-ден астам ғалымдары, азаматтық қоғам өкілдері, студенттер мен басқа да белсенділер, БҰҰ тарихын хабардар болды және осы уақыт ішінде ұйымның 51 мүше-мемлекеттен қазіргі кезде 193 мүше-мемлекетке дейін өскенін көреміз. Делегаттар БҰҰ даму, қарусыздану, бітімгершілік және басқа да салалар бойынша қызметінің барлық бағыттары бойынша көптеген жетістіктерін мойындады.

Конференция шеңберіндегі ақпарат жәрменкесі барысында БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігі іс-шараға қатысушылардың назарына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық бастамасы – АТОМ Жобасын ұсынды.

Былтырғы жылдағыдай, қатысушылар Жобаға кең қолдау танытты. Делегаттар Қазақстандағы Кеңестік замандағы ядролық сынақтардың қайғылы тарихымен, ядролық қарусыздану үрдісіне еліміздің қосқан үлесімен, сондай-ақ тараптау режимін күшейтуге және ғаламдық ядролық қарусыздану саласындағы елеулі прогресске жетуге бағытталған дәйекті қадамдарымызбен танысты.

Ақпараттық жәрмеңке барысында Конференцияның жүзден астам қатысушылары Ядролық сынақтарға жаппай тиым салу туралы шартының күшіне енуіне қол жеткізу және ядролық қарудан азат әлемге жетуге бағытталған маңызды жаңа қадам жасау туралы әлем үкіметтеріне арналған үндеуі бар АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойды.