навигация

Әлем бесінші мәрте Халықаралық ядролық сынақтарға қарсылық күнін атап өтуде

10 қыркүйек 2014

The ATOM ProjectКезекті бесінші рет 29 тамызда аталып өткен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсылық күніне орай әлемнің түрлі елдерінде қызметкерлер, белсенділер мен қарапайым халық әлемдегі ядролық сынақтардың барлық құрбандарын еске алу үшін ұйымдастырылған үнсіздік минутасына қатысты.

Осы күнге орай, «бүгінгі таңда ядролық сынақтардың адамзат ағзасына, ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығына, жерасты суларына тигізетін зияны белгілі әрі құжатталған. Бұл күн ядролық қарудың барлық түрлеріне тиым салу мен мүлдем жоюға бағытталған біздің бірлескен іс-қимылдарымызға қомақты үлесін қосып отыр», деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун. «Бәріміз бірге ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етіп, әлемдегі бейбітшіліктің орнауына бір қадам жақындай түсейік», деді ол.

Халықаралық ядролық сынақтарға қарсылық күнін атап өту Қазақстан тарапынан 2009 жылы ұсынылып, БҰҰ Бас ассамблеясы тарапынан бірауыздан қабылданды. Осы күнді таңдау себебі 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстанның Шығысында орналасқан Семей ядролық полигонының жабылды. 1949 жылдан бері мұнда Кеңестер Одағы 456 ядролық сынақ өткізген болатын.

Осында өткізілген сынақтардың салдарынан Қазақстанда жалпы саны 1,5 млн. астам халық зардап шеккен көрінеді. Көбіне ерте қайтыс болу, туа біткен науқастар мен түрлі физикалық ауытқулар секілді жазылмас дауалар кездеседі. Мұндай ауыр мұра Қазақстанды тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін әлемдегі 4-ші ядролық арсеналдан бір жақты бас тартуға итермеледі және сол уақыттан бері Қазақстан ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу қозғалысының көшбасшысы болып отыр.

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осы күнге орай сөйлеген биылғы сөзінде «Қазақстан бейбіт және ашық саясаттың, өзара ынтымақтастықтың халықаралық қауымдастықтың дамуына қажет және оның күш көрсету немесе оны қолдану үрейінен артық екенін айқын көрсете білді», деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 68-отырысының төрағасы Джон Эш те қазіргі заманда resized un logo on flagядролық қарудан арылудың маңызын атап өтті.

«Өзінің жойқын қирату қайратына байланысты ядролық қаруды қолдану орны толмас жаһандық апаттарға алып келетінін білеміз. Олардың ішінде ұзақ мерзімді төтенше жағдайлар – гуманитарлық, денсаулық сақтау саласының, климаттың, қоғамдық тәртіптің, адамзаттың даму әлеуетінің және экономикалық байланыстардың өзгеруі сияқты зардаптарға әкеліп соғады. Әлеуметтік жетістіктер мен даму мұратымызға тек бейбітшілік пен қауіпсіздіктің сақталғанында ғана қол жеткізе аламыз. Ол үшін бірлесе отырып аталған апаттардың жолын кесуіміз қажет. Себебі бұл қарудың салдары әр мемлекеттің қауіпсіздігі мүдделеріне бөлек әсер етіп қоймай, бәрімізге ортақ болмақ», деп мәлімдеді Эш.

Осы мақсатқа жету және ядролық сынақтар құрбандарын еске алу үшін көптеген адамдар бүкіл әлем бойынша 29 тамыз күні жергілікті сағат 11:05-те өткен үнсіздік минутасына қосылды. Бұл уақыт АТОМ жобасының ұсынысымен таңдалған болатын, осы уақытта сағаттың тілдері латын V әрпіне ұқсап, (Victory) жеңіс жеген мағынада, жалпы адамзаттың үрейлік алдындағы жеңісін, ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы дүниежүзілік әрекеттердің жеңісін білдіреді.

Бүкіл дүние жүзі бойынша 100 мыңға жуық кісі TheATOMProject.org онлайн петициясына қол қойып, осы әрекетімен әлемнің елбасшыларына ядролық қарудан азат әлемді қалайтындықтарын білдірді. АТОМ жобасы Қазақстанның бастамасымен құрылған болатын, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудың теріс салдары туралы дүниежүзін ақпараттандыру жолымен Ядролық қаруды таратпау келісімшартының (ЯҚТК) күшіне енуіне қол жеткізіп, соңында ядролық қарудан азат әлем құруды мақсат тұтады.

29 тамыз күні Пан Ги Мун, «мен де барлық елдерді ядролық сынақтардан, жаңа ядролық қару технологияларын пайдаланудан және де, ЯҚТК қайшы келетін кезкелген әрекеттерден бас тартуға үндеймін», деді.

Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнін атап өту және халықаралық қауымдастықтың ядролық сынақтарды заң жүзінде болдыртпау жолындағы жетістіктерін талқылау мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласында арнайы сессия өткізеді. Сессияға БҰҰ Басшылары, БҰҰ өкілдері, көптеген мемлекеттер мен Шығыс Қазақстан өңірінің өкілдері шақырылды.

АТОМ жобасының іс-шаралары мен ядролық сынақтардың тарихы туралы толығырақ ақпаратты www.TheATOMProject.org сайтынан немесе info@theatomproject.org адресіне хат жіберу арқылы білуге болады.